Бүгін елордада «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты Тіл форумы басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тіл мамандары, сарапшылар, зиялы қауым өкілдері мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылауда. Қазір елімізде латын әліпбиіне көшу тұрғысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
Көпшілік Әліппе ауысса, емле өзгереді деп ойлайды. Бірақ қазақ тілі латын әліпбиіне көшсе де, тіл емлесі өзгермейді. «Бірен-саран әріптер ғана ауысады. Сондықтан одан қорқудың қажет», - дейді мамандар. Латын әліпбиін заманауи интераективті әдістермен үйренуге мүмкіндік бар. Әдістемелік құралдар бүгін көпшілік назарына ұсынылды. Ал форумның секциялық жүмыстары түрлі бағыттар бойынша өтеді.
Әлібек Асқар, «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының бас директоры:
«Бизнес және тіл», «БАҚ және Тіл» тақырыптары қозғалады. Жалпы бұл форум тұңғыш рет өткізіліп отыр.
Ақерке Берікбекқызы