Батыс Қазақстанда тұрғындардың жылуға қарызы 300 млн теңгеге жетті. Ал қаланы жылумен қамтып отырған «ЖайықЖылуҚуат» мекемесінің өзі газге 1 млрд теңге берешек. «Көгілдір отын» беру тоқтатылмайды, бірақ шектеулер болуы мүмкін. Бұл туралы коммуналдық мекеменің өкілі айтты. Алайда шектеу жылу мен ыстық су беруге әсер етпейді.
Жалпы, өңірдің 95 пайызы газбен қамтылған. 7 мың шақырым газ құбыры бар. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қаржы бөлініп, жылу желілері жөнделген.
Берік Омаров, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары:
«ЖайықЖылуҚуаттың» бізге берешегі 1 млрд теңгеден асты. Бұл 7 айдан бергі қарыз. Жаз айларында ай сайынғы берешек - 100 миллион, ал қыркүйекте 126 миллион теңге болды. Оның тек жартысын төледі. Қазір келісімдер бар. Іс сотта да қаралып жатыр.
Ардақ Мұратқызы