Қазақстандықтардың бұл жолдауды тағатсыздана күткені рас. Қоғам ішінде тұспал да, болжам да аз болмады. Мемлекет башысы: «Ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа сенім артамын, халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын», - деп уәде берді. Президент әлеуметтің әлеуетін арттырып, экономиканы өрлетіп, бизнестің тамырына қан жүгірту үшін Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Сарапшылар бұл Жолдауда айтылған бастамалардың арқасында елде қордаланып қалған мәселелер шешілетініне үміт білдіріп отыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Президентінің көмекшісі:
Тексерістерге мораторий жариялау кәсіпкерлерді қолдауға септігін тигізетін үлкен қадам екені сөзсіз. Сондай-ақ, бизнестегі ең үлкен мәселелердің бірі - қаржыландыру мәселесі. Саяси салаға қатысты маңызды мәселелер көтеріліп жатыр.
Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі:
Бұл Жолдаудың негізгі ерекшелігі – қарапайым азаматтардың мүддесі ескерілген.
Индира БЕГАЙДАР