22.04.2018 – «Жүрсіннің жүйріктері». Қалижан Білдашев пен Ержан Омаровтың айтысы (8-бөлім) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22.04.2018 – «Жүрсіннің жүйріктері». Қалижан Білдашев пен Ержан Омаровтың айтысы (8-бөлім)

22.04.2018

Бүгін Ұлттық арна эфирінде «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс жобасының жетінші бөлімі өтті. Кезекті жұп ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Қалижан Білдәшев пен қызылордалық Ержан Әміров шықты. Ақындар бірінші бөлімде «Әзілің жарасса...» тақырыбында сөз жарыстырды. Қазылар алқасы қос ақынның айтысын жоғары бағалап, екеуіне де 40 ұпайдан берді. Алғашық бөлімге қатысты ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова «Тең-теңімен, тезек қабымен» деген. Екеуі де бір деңгейде айтысты», - деген пікірін білдірді. 

Ал, екінші кезеңде айтыскерлер «Тұрсынбек Қабатов» және «Максим Галкин» болып айтысты. Бұл бөлімде Қалижан Білдәшев 39 ұпай  жинаса, Ержан Әміров 40 ұпай еншілеп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Айта кетейік,  «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері - ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Жоба Ұлттық арнада әр апта жексенбі күні сағат 21:00-де көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу