«Жүрсіннің жүйріктері». Хазірет Бердіхан мен Ержан Әміровтің айтысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүрсіннің жүйріктері». Хазірет Бердіхан мен Ержан Әміровтің айтысы

27.05.2018

Бүгін екінші айналымның соңғы жұбы айтысты. Олар  Хазірет Бердіхан мен Ержан Әміров. Ақындар бірінші бөлімде «Үйлену оңай үй болу қиын» тақырыбында сөз жарыстырды. Бұл бөлімде қазылар алқасы Хазірет Бердіханның өнерін 39 ұпайға бағаласа, Ержан Әміров қанжығасына 40 ұпайды еншіледі.

Ал, айтыстың екінші бөлімі «Егер де мен...» деп аталды. Аталған бөлімде ақындардың бірі «Алашұлы» тобы болып айтысса, екіншісі Ерболат Беделхан болып сөз додасына түсті. Бұл бөлімде екі ақын 40 ұпайдан жинап, тең түсті. Нәтижесінде ақындар арасындағы жеңімпаз Ержан Әміров деп танылды.

Айта кетейік, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері - ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу