«Жүрсіннің жүйріктері». Жартылай финалдың екінші жұбы Дидар Қамиев пен Ержан Әміровтың айтысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүрсіннің жүйріктері». Жартылай финалдың екінші жұбы Дидар Қамиев пен Ержан Әміровтың айтысы

24.06.2018
«Жүрсіннің жүйріктері». Жартылай финалдың екінші жұбы Дидар Қамиев пен Ержан Әміровтың айтысы

Бүгін «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында жартылай финалға өткен екінші жұп айтысты. Олар Дидар Қамиев пен Ержан Әміров. Ақындар алғашқы бөлімде «Несиенің жыры» тақырыбында сөз додасына түсті.

Қазылар алқасы аталған бөлімде Ержан Әміровтың өнерін 39 ұпайға бағаласа, Дидар Қамиев 38 ұпай еншіледі.

Екінші бөлімде ақындардың бірі «Әке» болып айтысса, екіншісі «бала» болып сөз сайыстырды. Бұл бөлімде ақын Ержан Әміров қазылар алқасынан 38 ұпай алса, Дидар Қамиев 40 ұпайды қанжығасына байлады. Осылайша, қазылар алқасының шешімімен ұпай санымен ақтық сынға Дидар Қамиев шықты.

Айта кетейік, екінші айналымнан ең жоғары ұпай жинаған 4 ақын жартылай финалға өтті.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу