«Жүрсіннің жүйріктері». Шалқарбай Ізбасаров пен Шұғайып Сезімханның айтысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүрсіннің жүйріктері». Шалқарбай Ізбасаров пен Шұғайып Сезімханның айтысы

10.06.2018

«Жүрсіннің жүйріктері» жобасының кезекті жұбы Шалқарбай Ізбасаров пен Шұғайып Сезімхан болды. Ақындар алғашқы бөлімде «Babyboom: Қазақстанның демографиясы, балабақшалар туралы және бала тәрбиесі» тақырыбында айтысты. Қазылар алқасы бұл бөлімде Шалқарбай Ізбасаровтың өнерін 37 ұпайға бағаласа, Шұғайып Сезімханның қарсыласынан бәсі биіктеу болып, 38 ұпай еншіледі.

Екінші бөлімде ақындардың бірі Ермек Тұрсынов болып айтысса, екіншісі Нұртас Адамбай болып сөз додасына түсті. Бұл бөлімде Шалқарбай Ізбасаров 36 алса, Шұғайып Сезімхан 37 ұпай жинады.

Айта кетейік, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері - ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Ал, тәуелсіз сарапшы – ақын, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла.

 

Хабарламаларға жазылу