15.04.2018 - «Жүрсіннің жүйріктері». Тілеген Әділов пен Мұхтар Ниязовтың айтысы (7-бөлім) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15.04.2018 - «Жүрсіннің жүйріктері». Тілеген Әділов пен Мұхтар Ниязовтың айтысы (7-бөлім)

16.04.2018

Бүгін Ұлттық арна эфирінде «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс жобасының жетінші бөлімі өтті. Кезекті жұп ретінде қарағандылық Тілеген Әділов пен қызылордалық Мұхтар Ниязов шықты. Алғашқы бөлімде ақындар «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» тақырыбында сөз жарыстырды. Қазылар алқасы қос ақын да тақырыпты өте жақсы ашты деп есептеп, екеуіне де 40 ұпайдан берді. Ал, екінші кезеңде айтыскерлер «Латын әліпбиі» және «Кирилл әліпбиі» болып айтысты.

Бұл бөлімде де ақындар 40-40 ұпайдан еншілеп, тең түсті. Жобаның шарты бойынша ақындар тең түскен жағдайда соңғы қорытынды сөзді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман айтады. Оның шешімі бойынша Мұхтар Ниязов келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік,  «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері – ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Естеріңізге сала кетсек, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасы Ұлттық арнада әр апта жексенбі күні сағат 21:00-де көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу