«Жүрсіннің жүйріктері» жобасында бас жүлде Мұхтар Ниязовқа бұйырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүрсіннің жүйріктері» жобасында бас жүлде Мұхтар Ниязовқа бұйырды

08.07.2018

Бүгін «Жүрсіннің жүйріктері» жобасының ақтық мәресі өтіп, жеңімпаздары анықталды. Бұған дейін ақындарымыз арнайы тақырып бойынша айтысып және пародиялық қырыннан да көрінген болатын. Ал, енді бұл жолы ақындар еркін тақырыпта айтысты. Яғни, жекпе-жек өздерінің қалаған тақырыбында айтысуға мүмкіндік береді.

Рүстем Қайыртай пен Ержан Әміров 2-ші және 3-ші орын үшін өзара мықтыны анықтаса, Мұхтар Ниязов пен Дидар Қамиев бас жүлде үшін сөз додасына түсті.

Осылайша, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасында 3-ші орынды Ержан Әміров, 2-ші орынды Рүстем Қайыртай, 1-ші орынды Дидар Қамиев иеленді. Ал, бас жүлде Мұхтар Ниязовқа бұйырды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу