Басты Жаңалықтар Бақытжан Сағынтаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады

Бақытжан Сағынтаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады

Бақытжан Сағынтаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады

«Экспо Конгресс-орталығында» ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының, «Іскер» арнайы сыйлығының және «Ұлы дала елі» «қолшатыр» брендін пайдалануға құқық беру байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар барлық ынта танытушылар қатыса алған ашық онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  өнімдер мен қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, жоғары тиімді басқару әдістерін енгізу бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізгені үшін «РауанНалко», «Қасқор-Машзауыт», «AVAGRO» компанияларына «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, «Алтын сапа» сыйлығының иегерлері «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша марапатталды, қосымша «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба», «Сапа көшбасшысы» және «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша марапаттар табысталды.

Биыл «Алтын сапа» байқауына еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам өтінім ұсынылды.

Бақытжан Сағынтаев «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сыйлығының алтын мүсіншелерін бірінші орын иегерлеріне табыстады:

— «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «KMK Мұнай» АҚ;

— «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында «СКЗ-U» ЖШС;

— «Үздік ұжымдық келісім» номинациясы бойынша «Победа» ЖШС;

— «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Kagazy Recycling» ЖШС.

Марапаттау рәсімінде, сондай-ақ, «Ұлы дала елі», «Қазақстанның үздік тауары» және «Кемел Іскерлік» жаңа халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты рәсім соңында Мемлекет басшысының қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір өтті, онда 25 индустриялық жоба таныстырылды.

Айта кетейік, «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» жалпыұлттық телекөпірін «Qazaqstan» арнасы бүгін 22:00-де көрсетеді.  

 

 

Бөлісу