«Таңшолпан». 2018 жылдан бастап әйелдер 63 жастан зейнетке шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 2018 жылдан бастап әйелдер 63 жастан зейнетке шығады

06.12.2017

2018 жылы зейнетақы саласында бірқатар өзгерістер болмақ. Әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру мәселесі шешімін тапты. Ол Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы заңына сәйкес 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Осылайша әйелдер де ерлермен бірдей 63 жаста зейнеткерлікке шығатын болады.

1959 жылы туған әйелдер жылдың соңына дейін зейнетке шығып алу керек. Әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғаюы жеңілдігі бар аналар үшін өзгеріссіз қалады. Зейнетақы жүйесіндегі тағы бір өзгеріс – ынтымақтық жүйе. Бұл жерде жұмыс өтілі мен соңғы 36 айдың көрсеткішіне қарай зейнетақы мөлшері тағайындалады. Егер әйел жұмыс істемеген жағдайда бала санына қарай зейнетке шығу мүмкіндігі бар. Әр балаға 3 жыл еңбек өтілі жазылады. Мысалы, 4 балаға 12 жыл беріледі. Сонда 10 жыл жұмыс өтілі бар әйелдер ең төменгі көнкөріс деңгейінің 54 пайызын ала алады. Ал, 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар жандар 74 пайыз, 33 жылдан асқан аналар ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 100 пайызын алатын болады.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында

Хабарламаларға жазылу