1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

01.03.2017
Осыған орай Павлодар қаласы көшелерінде төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде пайдаланылатын арнайы техника шеруі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, жергілікті құтқарушылар осы көктемде жазатайым жағдайлар бола қалса, қауырт қимыл, қарбалас шақты қалай еңсеретіндіктерін көрсетті. Себебі, биылғы қыс Кереку өңірінде ерекше болып тұр. Қараша айында 40 градусқа дейін суытып, табиғат ерекше мінез көрсетті.


Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу