«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасында жаңа айналым басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасында жаңа айналым басталды

15.04.2016
«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасында жаңа айналым басталды

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Байқаудың алтыншы айналымы басталды. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылды. Іріктеу төрт апта бойы жүргізіледі.

«Домбырасыз сән қайда?» - «Ханзада» тобы

 «Сағынып жүрмін» - Бижігіт Исмағұлов

 «Көрші қызы» - «Диета.kz» тобы

 «Отыздан асып барамын» - Айқын  Төлепберген

 «Жарқыраған жаңа күн» - Қанағат Жалғасбева

 «Ұлттық ұлан» - Мейірбек Тәңірбергенов

«Туған күн» - Меңдеш пен Ақмарал

 «Тағы, тағы» -  Абай Бегей

 «Көршім-ай» - Мақсат Ынтықбаев

 «Қарттар мұңы» -  «Заман тобы»

 «Жаса, қазағым!» -  Дәурен Оқапов

«Шаттығым» - Данияр Мүптеке

Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, үздік әуен радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Айта кетейік, «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Сондай-ақ, байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады. 

Хабарламаларға жазылу