«Саз керуен». Төртінші айналым басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саз керуен». Төртінші айналым басталды

27.02.2016
«Саз керуен». Төртінші айналым басталды

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда.

Байқаудың төртінші айналымы басталды. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылады. shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады.

 «Аңсаған арман» - «Әдемі-ай» тобы

«Есімде» - Сырым Исабаев

«Пысық келін» -  Айгүл Әдиханова

«Кетпе» - Асқар Жайлаубаев

«Сағындым» - Бибігүл  Сауытова

«Сүйеді екем» - Досымжан  Таңатаров

«Айтпайды бәрі де» - Қайнар Қатпай

«Жаным» - «Астана» тобы

«Махаббатым» - Әнел Мұсабекова

 «Мен ғашықпын» - Индира Расылхан

«Жасай бер, қазағым» - Арай Асқап

«Айналайын» - «Бауырлар» тобы

Естеріңізге сала кетейік, «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады. 

 

 

Хабарламаларға жазылу