«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасында 12 жаңа ән сарапқа салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасында 12 жаңа ән сарапқа салынуда

03.04.2016
«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасында 12 жаңа ән сарапқа салынуда

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылған болатын.

Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, үздік ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Қазіргі уақытта үш мыңнан астам тыңдалыммен Аққу мен Гүлназдың орындауындағы Керім Елеместің сөзіне жазылған Берік Төлепбергенұлының «Бір үйде» әні алда келеді.

Байқаудың бесінші айналымы 7 сәуірде қорытындыланады.

Айта кетейік, «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Сондай-ақ, байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз.  Жоба ел ішіндегі таланттарды іздейді.

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.

Хабарламаларға жазылу