«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» жобасында 12 жаңа ән сарапқа салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» жобасында 12 жаңа ән сарапқа салынуда

10.03.2016
«Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» жобасында 12 жаңа ән сарапқа салынуда

«Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай қолға алынған үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Байқаудың төртінші айналымында тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылды.

«Аңсаған арман» - «Әдемі-ай» тобы

«Есімде» - Сырым Исабаев

«Пысық келін» -  Айгүл Әдиханова

«Кетпе» - Асқар Жайлаубаев

«Сағындым» - Бибігүл  Сауытова

«Сүйеді екем» - Досымжан  Таңатаров

«Айтпайды бәрі де» - Қайнар Қатпай

«Жаным» - «Астана» тобы

«Махаббатым» - Әнел Мұсабекова

«Мен ғашықпын» - Индира Расылхан

«Жасай бер, қазағым» - Арай Асқап

«Айналайын» - «Бауырлар» тобы

Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, тыңдалым көрсеткіші бойынша үздік шыққан ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Жобаның ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады. Сондай-ақ, байқауға қатысуға әуесқой әншілердің де мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар. 

Айта кетейік, бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.

Сөзі маржан, әуені әсем, жүрекке жылы жаңа әнді бірге анықтайық! 

Хабарламаларға жазылу