«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасы төртінші айналымын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасы төртінші айналымын қорытындылады

19.03.2016
«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасы төртінші айналымын қорытындылады

«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасының төртінші айналымы қорытындыланды.

Төрт апта бойы тыңдармандар 12 әнді сарапқа салған болатын.  

«Аңсаған арман» - «Әдемі-ай» тобы

«Есімде» - Сырым Исабаев

«Пысық келін» -  Айгүл Әдиханова

«Кетпе» - Асқар Жайлаубаев

«Сағындым» - Бибігүл  Сауытова

«Сүйеді екем» - Досымжан  Таңатаров

«Айтпайды бәрі де» - Қайнар Қатпай

«Жаным» - «Астана» тобы

«Махаббатым» - Әнел Мұсабекова

«Мен ғашықпын» - Индира Расылхан

«Жасай бер, қазағым» - Арай Асқап

«Айналайын» - «Бауырлар» тобы

Нәтижесінде, shalkarfm.kz сайтындағы тыңдалым саны бойынша және радионың Көркемдік кеңесінің шешімімен дәстүрлі әнші Арай Асқаптың орындауындағы Кентау Назарбектің «Жасай бер, қазағым» әні үздік деп танылды. 

Байқау шартына сай ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады сондай-ақ, жылдық байқауда бақ сынайды.  

Естеріңізге сала кетсек, жобада кәсіби және әуесқой әншілер бақ сынай алады. Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу