Қытайда құйыннан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда құйыннан 5 адам қаза тапты

28.04.2024

Қытайда сұрапыл құйыннан 5 адам қаза тауып, 33 адам жараланды. Торнадо/ алапат тасқыннан зардап шеккен Гуандун провинциясының астанасы Гуанчжоуға соққы берген. Жел секундына 20 метр жылдамдықпен жүйтікіді. 150-ге жуық ғимаратқа зақым келген. Құйыннан зардап шеккен өңірге бірден құтқарушылар жіберілді. Жараланғандар дереу ауруханаға жеткізілген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу