«Шалқар» ұлттық радиосының  «Саз керуен» жобасы 8-ші айналымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» ұлттық радиосының  «Саз керуен» жобасы 8-ші айналымын бастады

18.08.2016
«Шалқар» ұлттық радиосының  «Саз керуен» жобасы 8-ші айналымын бастады

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы 8-ші айналымын бастады. Мұнда назарларыңызға 12 жаңа ән ұсынылады.

«Иә ма?». Айбат Жанғалиев

«Жан жарым». Жанболат пен Жазира

«Анашым». Мұрат Қожа

«Астана». «Z» тобы

«Ана». Ләззат Қуандық

«Сенің ғашығың». Аршын Жолдасхан

«Сыпыра жыраудың термесі». Шәба Әденқұлқұлқызы

«Асыл еркем». Болатбек Досыбаев

«Туыстарға». Әлібек Темірханов

«Өмір , өмір». Ақжол Сапарәлі

«Қазақстаным». «Dieta.kz»

«Махаббат». Данияр Сағынтаев

Ай соңында shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалымға ие болған үш ән «Шалқар» радиосының Көркемдік кеңесіне ұсынылады. Сөзі мен сазы және  үміткердің  орындаушылық шеберлігі жоғары бағаланған ән «Алтын қорға»  тіркеледі және жылдық қорытынды байқауға жолдама алады.

Естеріңізге саламыз, «Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері сағат 21:00-22:00 аралығында шығады.

Үздік әнді анықтауға атсалысыңыз!

 

Хабарламаларға жазылу