Сингапурдегі «Timbre» мейрамханасының иесі көпшілікке роботтандырылған асхана жобасын таныстырды. Олар келушілерге қызмет көрсететін ұшатын роботтар жасаған. Мұндай роботтар даяшы жұмыстарын атқарады.
Мейрамхана басшылығы мұндай жобаны жасауға қызметкерлердің жетіспеуі түрткі болғанын айтады. Себебі Сингапурде даяшының жалақысы аз болғандықтан, жастардың мұндай жұмысты істегісі келмейді, дейді.
Сонымен қатар, «Timbre» мәзірдің орнына iPad қолдана бастаған алғашқы мейрамхана. Бұл – даяшының жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді екен.
Арнайы компьютерлік бағдарламамен басқарылатын роботтар 2 келіге дейінгі тағамды көтере алады.
Алайда мейрамхана даяшы қызметінен бас тартпаған. Себебі роботтар тапсырыс берушіге тек сусын мен тағамды жеткізеді. Ал, оларды қонақтарға даяшы ұсынады.
Интернет материалдары бойынша дайындалды