Чилиде тағы да жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде тағы да жер сілкінді

22.09.2015
Чилиде тағы да жер сілкінді

Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлайды.

Арнайы қызметтердің мәліметтерінше, жер дүмпуінің қуаты 6,5 балды құраған. Жерді дүмпуінің ошағы Кокимбо провинциясының аймағында Тынық мұхитының жағалауларында болған. Бұл аймақта өткен аптада ғана қуаты 8,3 балл болатын жер сілкінісі болып, оның салдарынан 13 адам мерт болған еді.  

Соңғы болған жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Чили аймағында сейсмикалық белсенділік өте жоғары.

2010 жылдың ақпан айының соңында Оңтүстік Американың осы мемлекетінде күші 8,8 балл болатын  жер сілкінісі болып, оның соңы цунамиге ұласқан болатын. Аталмыш апаттың салдарынан онда 500 адам мерт болды.

 

Хабарламаларға жазылу