Главная Новости Президент жастарды кітап оқуға шақырды

Президент жастарды кітап оқуға шақырды

Жасанды интеллект дәуірінде кітап оқудың маңызы жойылмауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен AI Journey халықаралық конференциясының аясында жастармен кездесуінде айтты. Жиында Президент адамның сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда әдеби шығармалардың орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ туындылардың қысқаша мазмұнын жасанды интеллект арқылы оқу олардың терең мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейтінін сөз етті. Бұдан бөлек елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға айрықша мән беріліп отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қалай болғанда да көп оқу керек. Мен елімізде кітап оқитын ұлт қалыптастыру туралы арнайы жарлыққа қол қойдым. Бұдан бөлек, жақын арада Астана мен Алматыда президенттік кітапханалар ашылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін орталықтарда келушілер шығармаларды электронды форматта да оқуға мүмкіндік алады. Меніңше бұл – дұрыс шешім.

Поделиться