Республикалық оқушылар айтысы өтті
Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Кітап оқитын ұлт – зерделі ұлт» атты республикалық оқушылар айтысы өтті. Ақтық кезеңде үздік деп танылған 10 өнерпаз ішінен топ жарып Түркістан облысы, Иманәлі Рахым жеңімпаз атанды. Жас айтыскерлер кітап оқудың пайдасын, ана тілінің қадірін, ұлттық құндылықтарды өлеңмен өрнектеді.
Серікзат Дүйсенғазы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Біздің қазақ халқы өзі отырып тыңдағанды жақсы көретін халық. Ақпаратты сол арқылы қабылдағанды жақсы көреді сондықтан бұл тыңдаушы халыққа кітап оқу мәдениетінің пайдасын насихаттаудың ең төте жолы деп айтатын едім. Айтыс арқылы, мысалы мыңдаған жастар тыңдап отыр, тек қана бұл жерден емес, әлеуметтік желі арқылы да таратып жатырмыз.
Сәрсенбек Несібелі, қатысушы:
Айтыстың көмегі көп, бір жағы өмірде сөзіңе абай болуға, сөзден ұсталып қалмауға және екінші жағынан осы тіл байлағыңды дамытуға көптеген көмегі бар.
Читайте также
Все