«Халықтық құрылыс» – өңірлерді өркендетудің негізгі тетігі
Президент Жолдауында айқындалған басым бағыттардың бірі – «Халықтық құрылыс» бастамасы. Бұл мәселе ел ішінде кеңінен талқыланып жатыр. Көпшіліктің пікірінше стратегиялық және әлеуметтік маңызы зор нысандарды салып, инфрақұрылымды жаңарту өңірді өркендетудің негізгі тетігі.
Сауалнама:
- Президенттің айтуы бойынша, біздің жалпы ішкі өніміміз қазір 400 миллиард долларға жақындады. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында бірінші орынға шықтық. Әр адам басына шаққанда 19 мың доллардан асып кетті қазір жалпы ішкі өнім. Осы инфрақұрылымдық жоба Қазақстанның одан әрі дамуына, экономикасының қарыштап өсуіне әсер етеді деген пікірдеміз.
- Жолдаудың бір саласы халықтық құрылыс қой. Соған қатты мән беріп жатыр. Президент айтып кетті ғой, 6 трлн-нан астам қаржы осы құрылыс саласына бөлінеді деп. Жобаның аясында ауруханалар, кітапханалар, стадиондар, вокзал, аэропорттар, жолдар, мектептер салынбақшы.
- Президент өз Жолдауында біздің еліміздің экономикасының әр саласына жасанды интеллектіні енгізу туралы айтты. Оның ішінде денсаулық, білім беру және кәсіпкерлік салалары бар. Менің ойымша, ол өте маңызды.
Читайте также
Все