Әлемге танымал түрік актерлер Астанаға келді
Астанаға түріктің танымал режиссерлері мен актерлері келді. Олардың қатарында көрермен көзайымына айналған Рыза Коджаоглумен қатар Илай Еркөк және Сезгин Ердемир бар. Актерлер «Түрік киносы күндерінің» ашылу рәсіміне қатысып, көрермендермен жүздесті. Іс-шарада кинотеатр да ұйымдастырылған. Бұған дейін мәселен, «Оскар» сыйлығына ұсынылған «Бұтақсыз қалған ағаштай» фильмі көрсетілді. Ал бүгін сағат алтыда Босфор кинофестивалінде «Үздік фильм» аталымын жеңіп алған «Үміт» фильмі ұсынылады. Түрік сериалдарын астаналықтар мен қала қонақтары тегін көре алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, киноны тегін көргісі келетіндер көп. Сондықтан ертерек қамданған дұрыс. Орын болмай қалуы мүмкін.
Рыза Коджаоглу, актёр:
Қазақстанда жанкүйерлеріміз көп екен. Астана ұнап жатыр. Әсем қала. Ал енді Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға арналған бұл іс-шараға келсек, халық көп. Таң қалып тұрмын. Қолдап, келгендеріңіз үшін көп рахмет, қазақ халқы!
Читайте также
Все