«Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

30.06.2015
«Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

«Нурикамал»  әні – ерлі-зайыпты жандардың туындысы. Әннің сөзін жазған ақын Ханбибі Есенқарақызы жолдасы Тұрдықылыш  Ізтаевтың Нурикамал деген қызға ғашық болғанын айтады. Бір күні ақын жан жарының пианино жанында отырғанын көреді. Сәлден соңы қасына барып, «айтқың келгені осы ма еді?»,-деп әннің мәтінін алдына тастайды.

«Нурикамал – өмірде бар лауазымды қызметтегі сұлу бойжеткен. Әуелі ол қандай адам, менен артық па, деп ойладым. Әйелдердің барлығында дерлік эгоистік сезім болады. Бірақ, көбі жағдайдың байыбына бара бермейді.

Нурикамалды көріп, жолдасымның талғамына риза болдым. Себебі, ол бойжеткенге ғашық болмау мүмкін емес еді. Осылайша, «Нурикамал» әні дүниеге келді. Бұл әнді – Естайдың Қорланы сияқты бағаладым»,-дейді Ханбибі Есенқарақызы.

Шығармашылық адамдарының дені туындысына арқау болған жандардың есімін өлеңдеріне қоспайды немесе өзгертіп жатады. Алайда, бұған Ханбибі Есенқарақызы түбегейлі қарсы шығып, әннің атын өзгертусіз қалдырады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу