Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
Жаңадан салынған жолдарың сапасы енді цифрлық платформа арқылы бақыланады. Егер тас төсеме талапқа сай келмесе, қолданысқа енгізілмейді. Мамандардың айтуынша, цифрлық жүйе ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді. Жол құрылысы бағытында жұмысты күшейту мақсатында Петропавл қаласында арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды. Жиын барысында «KazRoadLab» жүйесін тиімді пайдалану, салынатын жолдардың сапасын бақылау, арнайы сараптама жүргізу мәселелері талқыланды. Басты мақсат – жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыру және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді барынша пайдалану, дейді ұйымдастырушылар.
Қанат Өсербаев, «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК СҚОФ директоры:
Саланы цифрландыру жұмысы жүріп жатыр. Жүйенің артықшылығы – барлық процестердің толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Алынған сынамалар нақты уақыт режимінде тіркеліп, картада көрсетіледі. Бұл деректерді бұрмалау мүмкіндігін жойып, адами фактордың әсерін азайтады. Жол құрылысы мен жөндеу сапасын бақылау күшейеді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00