Семейде достық фестивалі өтті
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». Бүгінгі мерекеге орай, Семейде осындай атпен достық фестивалі өтті. Облыс орталығындағы Республика алаңында жиналған жұртшылық мерекелік концертті тамашалады. Елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынды. Бұдан бөлек «Қолдан жасалған керемет» қолөнершілер алаңы, «Достық кітапханасы» әдеби алаңы, «Достық» тақырыбындағы балалар көрмесі таныстырылды. Спорттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, мерекеге жиналғандар бірлік пен татулықты, достық пен бейбітшілікті дәріптейтін театрландырылған қойылымды тамашалады.
Дилянура Ахунжанова, қала тұрғыны:
Қазақстандықтар, сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Татарша да айтып кетейін. Есендік, саулық тілеймін! Біздің достығымыз әрқалай нық болсын! Тату болайық.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17