«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
Бүгін сондай-ақ бірлік күніне орай елордада 20-дан астам этномәдени бірлестік өкілдері Достық үйі алаңында бас қосты. «Қазақстан-бірлік мекені» атты мәдениет фестивалінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан этностардың мәдени мұрасы, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарының сан қырлы ерекшеліктері паш етілді. Осылайша, қатысушылар этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірліктің үлгісін, сондай-ақ еліміздің мәдени әралуандығын көрсетті. Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік бағдарлама, түрлі бағыттағы шеберлік сағаттары мен интерактивті алаңдар, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Наталья Рудой, Қазақстан Халқы Ассамблеясы ардагері, Аналар кеңесінің мүшесі:
Біздің Қазақстан - барлық ұлттар арасындағы татулық пен достықтың символына айналды. Баршамыз ашық аспан астында, бақ пен берекеге бөленіп өмір сүріп жатырмыз. Мен Қазақстанды жақсы көремін және әрқайсысыңыздың осы елде өркендеп, бақытты өмір сүргеніңізді қалаймын. Мереке құтты болсын.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00