«Қарагөз» ансамблінің шығармашылық кеші - Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарагөз» ансамблінің шығармашылық кеші - Ұлттық арнада

21.06.2015
«Қарагөз» ансамблінің шығармашылық кеші -  Ұлттық арнада

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары еліміздің өнер әлемін дүр сілкіндірген әйгілі «Қарагөз» ансамблі еді. 1970-1973 жылдар аралығын қамтыған үш жылдан кейін 2007 жылы, араға 35 жыл салып, «Қарагөз» ансамблінің жаңар­ған құрамының концерттері Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Абай қалалары мен Шет, Жаңаарқа аудандарында зор табыспен өтті.

Ақын Ғалым Жайлыбай: «Қарагөздің» басқа ұжымдардан бір айырмашылығы – олар негізінен өздері шығарған әндерін орындайтын. Бұған негіз болған нәрсе ансамбльдің жетекшісі Жақсыгелді Сейілов пен ағайынды Болат және Ахмедия Есмұқановтардың өте дарынды сазгер болуы еді»,  дейді.

Жақсыгелді Сейіловтің «Ана туралы баллада», «Әкелер туралы ой», «Кездесу», «Неге солай?», «Жезкиік», Болат Есмұқановтың «Сағыныш», «Махаббат мұңы», «Сен кінәлі емессің», «Оянған махаббат» әндері сол кездің хит әндер еді.

Қазақ эстрадасындағы ерекше құбылысқа баланған ансамбльдің шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу