Ұлттық арнада – Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші

07.03.2015
Ұлттық арнада – Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші

ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен», «Бозторғай», «Елігім-еркем», «Есіңе ал», «Ескірмеген махаббат», «Гүл сезім», «Жанарым» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды.

Ол әншілік пен композиторлықты қатар алып жүріп, мұратына жету үшін талмай еңбектенді, үздіксіз ізденді. Күйсандығын да, микрофонын да бабында ұстады.

«Алла Тағала бойыма екі өнерді бірдей дарытқан соң, екеуін бөліп-жарған емеспін. Әншіліктен де, композиторлықтан да қол үзбедім. Бір қарағанда, бірін-бірі толықтырып тұратын салалар болып көрінгенімен, бұл екеуінің болмыс-бітімі екі бөлек.

Консерваторияда екі саланың мамандарын бөлек дайындайды, қолдарына ұстататын дипломдары да – екі басқа. Бірақ, мен екеуінің басын бір арнаға қосып, бірін артық, бірін кем қылмай, бірін сүбелі, бірін сұйық етпей, екі өнерді бірдей өрістетуге тырыстым»,-дейді әнші.

Бүгін 18.15-те  әншінің «Айналдым, елім!» атты шығармашылық кешін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу