Ұлттық арнада – Саят Медеуовтің шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Саят Медеуовтің шығармашылық кеші

19.09.2015
Ұлттық арнада – Саят Медеуовтің шығармашылық кеші

Саят Медеуов – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы. Өнер өлкесіне өзіндік қолтаңбасымен, қоңыр дауысымен енген әнші.

Жыл сайын жеке концерт беретіндер көп, ал Саят Медеуов ол топқа мүлдем қосылмайды. Үлкен сахнаға шамамен 1998 жылдары келген әнші өзінің алғашқы концертін әбден дайындығы пісіп-жетілген соң бір-ақ ұсынған.

Жуырда ғана Алматыда әншінің «Өзіңді аңсап...» атты шығармашылық кеші өткен еді. Онжылдық есеп кешінде өнер көрсеткендер қатарында Тоқтар Серік, Досымжан Таңатаров, Ақбота Керімбекова секілді әншілер мен «Қоңыр» этно тобы болды.

Елге халық әндері арқылы кеңінен танылған әншінің шығармашылық кешінің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:20-да тамашалай аласыздар. 

 

Хабарламаларға жазылу