«Нұрсәулем-ай» ән-би ансамблінің шығармашылық кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрсәулем-ай» ән-би ансамблінің шығармашылық кеші

24.05.2015
«Нұрсәулем-ай» ән-би ансамблінің  шығармашылық кеші

Бүгінде би падишасы Шара Жиенқұлованың ізін қуған өнерпаздар аз емес. Елімізде жыл санап би ансамбльдері арта түсуде. Себебі, өнердің қай түрін болса да, дамыту үшін барлық жағдай жасалған, мемлекет тарапынан қолдау да бар.

Астанадағы «Нұрсәулем-ай» би ансамблі бүгінде көптің көңілінен шығып жүрген ұжымдардың бірі. Әлемнің көптеген елдерін аралап, ұлттық өнермен тамсандырды, таңдай қақтырды.

400-ден астам ұжым мүшесі бар ансамбль репертуарында бірқатар елдің жалпы саны 100-ден астам биі  бар.

Қазақтың би өнерінің дамуына үлес қосып жүрген ансамбльдің шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:25-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу