Ұлттық арнада «МузАрт» ансамблінің ән кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «МузАрт» ансамблінің ән кеші

22.02.2014
Ұлттық арнада «МузАрт» ансамблінің ән кеші
Қазақ эстрадасындағы шоқтығы биік топ - «МузАРТ» 2001 жылдың сәуір айында трио ретінде құрылғаны белгілі. Топтың алғашқы орындаған әні - Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы.
 
Топ 2007 жылы  құрамын кеңейтіп, вокалды-аспапты ансамбль ретінде  жұмысын бастады.
 
Содан бері тыңдарман жүрегіне жол тауып келе жатқан ансамбльдің «Өз елім» атты ән кешін бүгін, 21.05-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу