Жас фотожурналистерге арналған Яна Перри атындағы жүлде үшін байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас фотожурналистерге арналған Яна Перри атындағы жүлде үшін байқау жарияланды

20.06.2015
Жас фотожурналистерге арналған Яна Перри атындағы жүлде үшін  байқау жарияланды

Яна Перри  атындағы шәкіртақы жас фотографтартарды өздерінің жобалары бойынша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға  шақырады. Сайысқа фотожурналистиканы зерттейтін 24 жасқа дейінгі    студенттер мен фотографтар қатыса алады.

Бас жүлде  - 3 500 британ фунты (шамамен 1 022 000 теңге). Ал, екінші орын иесіне 500 фунт (шамамен 146 000 теңге) беріледі.

Сонымен қатар, «Sunday Times Magazine» журналы іріктеліп алынған жұмыстарды жарияласа, «Reportage by Getty» Images  журналы жеңімпаздарды «Emerging Talent»  онлайн-тобына қосады. 

«World Press Photo» журналы үздік шыққандарға Амстердам қаласында өтетін «Joop Swart Masterclass»  атты  шеберлік сыныбына қатысуға жолдама береді. Сондай-ақ, Canon компаниясы фотожабдықтар сыйлайды.

Өтініштер 7 шілдеге дейін қабылданады, деп жазады ijnet.org.

Хабарламаларға жазылу