Жас журналистерге арналған байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас журналистерге арналған байқау жарияланды

25.02.2015
Жас журналистерге арналған байқау жарияланды

7kun.kz сайты мен «Іскерлік журналистика мектебі» журналистика факультеттерінде оқитын студенттер арасында байқау жариялайды. Байқау қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистер тобын қалыптастыру, оларды қолдау мақсатында өткізіледі.

Байқауға қаржы, экономика және тағы басқа іскерлік тақырыптардағы қазақ тіліндегі шығармашылық жұмыстар қабылданады. Оған тек қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің студенттері ғана қатыса алады.

Үміткерлер материалдардың сайттағы немесе жеке блогтағы, әлеуметтік желідегі сілтемесін ұйымдастырушыларға автордың аты-жөні, толық байланыс деректерін көрсете отырып жіберуі тиіс.

Байқау талаптары: Белгіленген тақырыпқа сәйкес болуы, фактілердің дұрыстығы және олардың дәл берілуі, талдау тереңдігі мен проблеманың ашылуы, авторлық ұстанымы.

Жарияланымдардың жанрына шек қойылмайды. Қатысушылардың сұхбат, мақала, сараптама және инфографика, аудио, видео түріндегі материалдары 7kun.kz сайтындағы «Байқау» айдарында жарияланады. Сайтқа жарияланған мақалалардың астындағы пікірлер мен әлеуметтік желілердегі ұнатушылар саны мен пікірлер жеңімпаздарды анықтау кезінде ескеріледі.

Жеңімпаздар құрамына іскер журналистика өкілдері  кіретін қазылар алқасының бағалауымен анықталады.

Материалдар  2015 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы наурыз айының 22-і, Наурыз мерекесінің қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.

Хабарламаларға жазылу