Мобильді қосымша құрастыру бойынша байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді қосымша құрастыру бойынша байқау жарияланды

17.09.2014
Мобильді қосымша құрастыру бойынша байқау жарияланды

Қазақстанда студенттер арасында ашық мәліметтер негізінде мобильді қосымша құрастыру бойынша байқау  жарияланды.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға жоғары оқу орны мен колледж студенттері қатыса алады.

Қатысушылар data.gov.kz порталында  iOS (версиясы 6+) немесе   Android (версиясы 4+) платформасына арналған мобильді қосымша құрастыруы керек. 

Орталық мәліметі бойынша, байқаудың жүлде қоры:

І орын - «MacBook Air», ІІ орын -  «Apple iPad Air», ІІІ орын - «Apple iPad mini».

Байқау қорытындысы 6-7 қазанда Электронды үкімет жөніндегі  ғаламдық форум кезінде  жарияланады.

Хабарламаларға жазылу