Студент жастардың II гала-форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студент жастардың II гала-форумы өтті

29.11.2014
Студент жастардың II гала-форумы өтті

Мен жастарға сенемін! Осындай атаумен бүгін Алматыда студент жастардың 2-ші республикалық патриоттық гала-форумы өтті. Тұңғыш Президент күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырған шараға еліміздің Жоғары оқу орындарынан мыңға тарта жас қатысты.

Айта кету керек, бір ай бұрын «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар; «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы; «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты үздік студенттік эссе мен «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында жас ақындар байқауы жарияланған.

Бәйгеге мыңға тарта өтініш түсіп, 350-і іріктелініп алынды. Байқау қорытындысында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде алған үш қатысушы Қазақ Ұлттық университетінде бір жыл тегін оқу грантына ие болды.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу