Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру лагерінде «Теміржол және әуе көліктеріндегі қауіпсіздік» атты байқау өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру лагерінде «Теміржол және әуе көліктеріндегі қауіпсіздік» атты байқау өтті (ФОТО)

20.06.2015
Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру лагерінде «Теміржол және әуе көліктеріндегі қауіпсіздік»  атты байқау өтті (ФОТО)

Бурабай курортты аймағындағы «Звездный» балаларды сауықтыру лагерінде «Теміржол және әуе көліктеріндегі қауіпсіздік» атты байқау өтті. 

Шара Көкшетеу станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі мен облыстық Білім басқармасының бірлесуімен ұйымдастырылған.

«Көліктегі полиция қызметкерлері теміржол және әуе көліктері жолаушыларының қауіпсіздігін, сондай-ақ, жолаушылар пойызындағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Біз үшін ең басты көрсеткіш - балалар мен жасөспірімдерді сапар барысындағы келеңсіз оқиғалардан қорғау», дейді Ішкі істер желілік бөлімінің бастығы Келден Сыздықов.

Бурабай курортты аймағында қазіргі уақытта 8 сауықтыру лагері жұмыс істеп тұр. Оларда 700-ден астам бала демалуда.

Шара аясында балаларға көліктегі сақтық шаралары түсіндіріліп, жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. 

Хабарламаларға жазылу