Бүгін «Жас қанат» байқауына қатысушылар үшін маңызды күн (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Жас қанат» байқауына қатысушылар үшін маңызды күн (ФОТО)

18.05.2016
Бүгін «Жас қанат» байқауына қатысушылар үшін маңызды күн  (ФОТО)

Кеше, 17 мамыр күні, Бейбітшілік және келісім сарайында аталмыш байқау аясындағы алғашқы дайындық күндері басталды.

Дайындық Қазақ Ұлттық өнер университетінде басталды. Байқауға қатысушыларды ЖОО-ның проректоры Тұрар Әліпбаев қарсы алып, қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырды. Қатысушылар актерлық өнер мен режиссура кафедрасын, эстрадалық өнер, сценография, сонымен қатар, хореография кафедраларының мүмкіндіктерін тамашалады.

Экскурсия барысында қазақстандық танымал режиссер Әсия Сүлеева қатысушыларға ақ жол тілеп, кез келген шығармашылық  мамандықта талант 1 пайызды ал, еңбек 99 пайызды құрайтынын атап өтті.

Елордадағы серуендерін жас өнерпаздар Тұңғыш Президент музейі мен «Думан» сауықтыру орталығында жалғастырды. Қатысушылар «Думан» мұхитаралында аққұба су перісімен суретке түсіп, байқау алдындағы толқуларын бір сейілтіп алды.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу