Диего жануарларды құтқаруға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диего жануарларды құтқаруға аттанды

14.06.2015
Диего жануарларды құтқаруға аттанды

Диего әпкесі Алисия және достары Клик пен Құтқарғыш қоржын барлығы Джунглидегі көптеген жануарларды құтқаруға аттанады.

Клик – фотокамера, ал Құтқарғыш қоржынның ішінде кез келген жануарға алғашқы көмек беруге керектің бәрі бар. Диего осындай достарының қолдауымен жануарларға көмектесуге әркез дайын.

Ғажайып та шытырман оқиғаларға толы «Алға, Диего!» танымдық мультфильмін 2000-2008 жылдар аралығында АҚШ-тың «Никелодеон» студиясы түсірген.

Айта кету керек, бүлдіршіндер мультфильмді тамашалай отырып, түстерді ажырата білуді, сурет салуды, санауды үйренеді және ағылшын тілін меңгереді.

Ұлттық арна кішкентай көрермендеріне арнап «Алға, Диего!» танымдық мультфильмін ұсынады. Бүгін 11:30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу