Австралия жағалауына 230 кит шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралия жағалауына 230 кит шығып қалды

21.09.2022

Австралияның теңіз экологиясын қорғау мамандары Тасманияда жағалауға шығып қалған 230 китті құтқаруға аттанды. Бірақ болжамдарға қарағанда, алып жануарлардың жартысы ғана тірі болса керек.

Олардың неліктен мұхиттан кеткені белгісіз. Кейбір ғалымдардың ойынша, пилот-киттер адасып жағаға шығып қалуы мүмкін. Өзге бір пікірлерге қарағанда, бұл жұмбақ жайтқа климаттың мөлшерден тыс жылынуы да себеп болуы ғажап емес.


Хабарламаларға жазылу