Ақтөбе облысында су ортасында қалған жылқылар шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында су ортасында қалған жылқылар шығарылды

05.04.2022

Ақтөбе облысында ағын су ортасында қалған 30 бас жылқы құтқарылды. Оқиға Алға ауданында болған.

Бір үйір жылқы Елек өзенінің бойында жайылып жүрген. Су көтеріліп, өзен арнасы толған кезде олар су ортасында, жағалаудан 400 метр жерде қалып қойған. Өз беттерінше судан шыға алмаған. Жылқыларды құтқаруға төтенше жағдайлар бөлімінің 3 маманы қайықпен барды. Басында мотор үні мен адамдардан үріккен жануарларды жағаға шығарып алудың сәті түсті.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу