Мейірімді балақай – Диего - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірімді балақай – Диего

16.08.2015
Мейірімді балақай – Диего

«Ит тұмсығы өтпейтін бізде бар ну орман,

Түрлі қауіп төнеді аңдарға жан-жақтан.

Сол заматта оларды құтқаруға асығып,

Мейірімді балақай табылар қасынан».

Ормандағы аң мен құстар да күнделікті өмірде түрлі кедергілерге тап болып жатады. Бірде кішкентай піл анасынан адасып қалса, енді бірде кішкентай итбалық ағын судың ағысымен үйінен алшақтап кетеді. Ал, оларға көмекке келер тек Диего мен оның достары ғана.

Сондай-ақ, жұмыртқасын енді ғана жарып шыққан үйректұмсықтың қайда мекендейтінін білу – Диего, бала леопард Теңбілше, фотоаппарат Клик пен Құтқарғыш қоржынның міндеті.

Аңдар мен құстардың мейірімді қамқоршысы Диего бұл жолы кімді құтқарар екен? Бүгін 11:30-да «Алға, Диего» мультфильмінің 19, 20-бөлімдерінен көре аласыңдар.  

Хабарламаларға жазылу