Басты Жаңалықтар Самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

Самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

Самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

5 маусымда «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 11-қабатында Қазақстанның Аралас жекпе-жек федерациясы «KAZsport» телеарнасымен бірлесе отырып, самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедовтің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Х.Нурмагомедов Қазақстанда алғаш рет аралас жекпе-жек техникасы бойынша шеберлік сағатын өткізбек.

Әлемдік ММА жұлдызының семинары 5 маусым күні сағат 18.00-де Астана қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінің ғимаратында және 6 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы жоғары спорт шеберлігінің мамандандырылған мектебінде өтеді.

Хабиб Нурмагомедов - UFC-де сынға түсетін аралас жекпе-жектің кәсіби палуаны. Ол жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің үздіктері арасында екінші орында тұр. Жеңіл салмақтағы UFC үздік боксшыларының ондығына кіреді.

Баспасөз мәслихатының басталуы: сағат 12.00. 

Бөлісу