«Бар жақсымыз – балаларға» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бар жақсымыз – балаларға»

01.06.2015
«Бар жақсымыз – балаларға»

Перзент – өмір жалғасы. Ата-ананың  көз қуанышы, өмірінің нұры, тіршілігінің негізі – балалары. Соңынан ерген ұрпағына  қазақ «әр баланың өз несібесі бар», деп қарайды.

Дүниежүзінде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да,  ол халықаралық мейрамдардың бірі. Балалар күнін атап өту жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Жалпы,  алғашқы Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Бүгінгі «Айтуға оңай...» хабары да балалар күніне арналмақ. Ұлттық арнадан сағат 21:20-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу