Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
Президенттің тапсырмасы бойынша Екібастұзда металлургиялық кластер құрылады. Осы мақсатта өңірде екі бірдей ферроқорытпа зауыты іске қосылды. Үшіншісі салынып жатыр. Бұлар елдің экономикалық дамуына екпін беретін өндіріс орындары болмақ. Және әлемдік нарықта Қазақстандық өнімнің үлесін алдыңғы үштікке бастауы тиіс. Металлургтер күні қарсаңында меншікті тілшіміз Екібастұзға арнайы барды.
Бұл ағайынды Байысовтар. Ақсудағы ірі металлургиялық зауытта жұмыс істеген. Кеңестік заманда салынған кәсіпорынға екеуміз 35 жылды арнадық, ел жаңарған тұста жасыл технологиялар қағидатына негізделген жаңа кәсіпорында жұмыс істеу үшін Екібастұзға қоныс аудардық, дейді.
Абылай Байысов, ауысым жетекшісі:
Мен өзім ағама қарап металлургия саласын таңдадым. Әрине ол жастардың жұмысы. Өйткені жастар мықты болады, шымыр болады. Менің ойымша металлург қазіргі заман батырларының жұмысы деп ойлаймын.
Енді жаңа зауыт болған соң заманауи құралдармен жабдықталғандықтан жастардың қызығушылығы жоғары. Барлық жұмыс компьютермен жасалады. Қарағандыдан бар. Бізде металлургтердің 80%-ы біздің Екібастұз өңірінен.
Қала ғана емес, Екібастұзға қарасты ауылдық жерлердің тұрғындары да шөміш ұстап, темір балқытуды игерген. Индустриялық жоба өңірдің тұрақты дамуына жол ашты.
Бауыржан Жайықбаев, аға балқытушы:
Металлург жұмысы - өте күрделі. Балқыту цехтары өте ыстық. Тәулік бойғы режимдегі жұмыс. Өндірістік процесс үнемі бақылауда. Менің мақсатым осы зауыттағы заманауи технологияны игеріп, өндіріс озаты болуға тырысу. Бұл менің отбасымның бақуатты ғұмыр кешуіне ғана емес, Қазақстанның дамуына бар күш-жігерімді жұмсағым келгендіктен туындаған пікір.
Үшінші зауыт іске қосылған соң Қазақстан ферросилиций өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады. Қазір 6-орында. Бұл жаһандық металлургия саласында жетекші позицияға ие боламыз деген сөз.Қазірдің өзінде отандық ферроқорытпа өнімінің 56%-ын Ертіс-Баян өңірі беріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы