Павлодар облысындағы Пограничник елді мекеніндегі мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы Пограничник елді мекеніндегі мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді

30.05.2015
Павлодар облысындағы Пограничник елді мекеніндегі мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді

Ақсу қаласының Достық ауылдық округіне қарасты Пограничник елді мекеніндегі ауыл мектебіне «Халық қаһарманы», Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөліскен қала әкімі Қайрат Нүкенов білім ордасында батырдың құрметіне арналған мемориалды тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.

Осы қуанышты жаңалықтың іске асуына ұйытқы болған Пограничник ауылының тұрғыны Садықбек Нұсейітов қала әкімінің Құрмет грамотасы мен естелік сыйлықпен марапатталды.

«Бұл біз үшін ерекше күн. Себебі, мектебіміз Бауыржан Момышұлы сияқты қазақтың қайсар ұлының есімін иеленді. Мен мұны - теңдесі жоқ бақыт деп білемін. Сондықтан, оқушыларымызды патриоттық рухта тәрбиелеп, батыр аталарындай Отанына адал азамат болып өсуіне жағдай жасаймыз», - деді Қайрат Нүкенов.

Еске сала кетейік, осыдан бес жыл бұрын ауылдың бір топ адамдары Пограничник орта мектебіне батырдың есімін беру туралы ұсыныс жасаған. Осыған орай, Облыстық және қалалық тілдерді дамыту бөлімдері бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тер төкті. Биыл Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында сол игі бастама мәресіне жетті.

 

Фото: Pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу