ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
Тіл үйренушілер үшін «Duolingo» платформасына бәсекелес болатын тың жүйе іске қосылмақ. Елімізде жасанды интеллектіге негізделген қазақ тілді жобалардың саны артып келеді. Жалпы, мамандар цифрлық кеңістіктегі жасанды интеллектінің қазақ тілінде еркін сөйлеуіне және сауатты жауап беруі үшін өзге қандай жұмыстар атқарып жатыр? Тілшіміз толықтырады.
Дәл осы орталықта тіл білімі мамандары күнделікті қолданыстағы сөздіктер мен
терминдерді, мәтіндік деректерді жинақтап, жаңартып, баламасын ұсынып, бір
жүйеге келтіруде. Бұл – жасанды интеллектіні сауатты қазақ тілінде
пайдаланудағы маңызды қадам.
Мақпал Жұмабай, «Тіл – қазына» ғылыми-практикалық орталығының басқарма
төрайымы:
Мысалы, өздеріңіз білетін ЖИ технологиялары, чатGPT, джеменай, клоуд, шығып жатқан барлық жүйе тек қана тілге арқа сүйейді. Яғни тіл арқылы бүкіл әлемде технологиялар дамып жатыр. Дәл қазіргі кезде Қазақстан үшін ЖИ негізделген тіл модельдерін оқыту ЖИ агенттерін жасау аса маңызды болып отыр.
Орталықтың ғылыми қызметкері Бақытгүл Ысқақ – қазақ тілінде бекітілген
терминдерге мониторинг жүргізеді. Қазір ескірген терминдерді қайта қарап,
сырттан енген сөздерді қазақшаға бейімдеумен айналысып жүр. Соңғы 3 жылда 30
мыңға жуық термин сүзгіден өткен. Бұл тіл мамандары үшін оңай шаруа емес.
Өйткені елімізде кәсіби терминологтар аз.
Бақытгүл Ысқақ, филология ғылымдарының кандидаты, орталықтың ғылыми қызметкері:
Ақпарттық технология, информатика, қазіргі келіп жатқан ЖИ, негізгі терминдердің барлығы – ағылшын тілінің терминдері. Бізде ағылшын тілінен соңғы –ing мен келіп жатқан терминдер өте көп, соның «ң» дыбыстау арқылы соны бейімдеу үрдіс алып отыр. Фантайзиң, паркиң деп «ң» деп бекіту соңғы кезде үрдіс алып жатыр.
Осылайша ЖИ бөлімімен бірге терминология бөлімі «Ұлттық сөздік қорын»
деректермен толтыруға барынша үлес қосты.
Сандуғаш Баймаханқызы, «Тіл – қазына» ғылыми-практикалық орталығының басқарма
төрайымының орынбасары:
Өте табысты орындадық, сол 1 миллиардтан астам таза табиғи деректерді Ұлттық Ақпараттық технологиялар АҚ өткіздік. Бұдан кейін өзіміздің тіл-қазына салалық ЛЛМ моделін дайындап шықты. Бүгінде бұл моделіміз 6 миллирдан астам сөз қолданысы және оның үстіне мыңдаған инструкциялық деректерден тұрады.
Одан бөлек орталық тіл үйренудің жаңа форматын ұсынбақ. Таяуда қазақ тілін
үйренушілер үшін «Duolingo» платформасына бәсекелес болатын тың жүйе іске
қосылмақ. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер үшін мәтінді түзеу, стильді
ауыстыру және қысқарту сияқты пилоттық режимде сынақтан өтіп жатқан аударма
құралы жасалып жатыр. Мамандардың айтуынша, қазір тіл – деректер жарысына
түскен заманның басты құралы. Қазақ тілі бұл бәйгеде өз орнын нықтап келеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49
Астаналық тұрғын медицинадағы қағазбастылықты азайтудың тың жолын ұсынды
17.04.2026, 11:41