БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған ауру киіктен сынама алынып, зертханаға жіберілді.
Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының шаруалары киіктің кеселі малға
жұға ма деп қауіптенеді. Бейнежазбада тұрғындар киіктің тұмсығына жара шығып,
ауыз қуысынан сілекейі шұбырып жүргенін айтады. Жауапты орган мамандары аурудың
малға жұғатыны,
не жұқпайтыны зерттеу қорытындысынан
соң белгілі болады дейді. Әзірге киіктің қандай дертке душар болғаны
белгісіз. Зерттеу нәтижесі он күннен кейін шығуы мүмкін. Ал жыл басынан бері
табиғи жағдайда өліп, өртелген киік саны 2199 басқа жеткен. Қазір киік санағы
жүріп жатыр. Былтырғы ресми санақ бойынша аймақта 2 млн 300 мың бөкен бар.
Қайрат Қадешев, облыстық Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының
орынбасары:
Казталов аудандық ветеринария қызметкерлері сол киікті құлағанға дейін күтіп, сынама алып, қазіргі кезде Ұлттық референттік ветеринариялық орталыққа жолдау процесі жүріп жатыр. Әрмен қарай аса қауіпті ауру бар ма, жоқ па - соны анықтау бағытында. Ұлттық референттік орталық функциясын біздің облысымызға берсе деген ұсынысымыз бар, халық үшін.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16